Шымкентте автобөлшектер қоймасы өртенді

Шымкентте автобөлшектер қоймасы өртенді. Оқыс оқиға «Тұлпар» базарының аумағында болды.

Отқа оранған қойманың жалпы аумағы 600 шаршы метрді құрайды. Өрт сөндірушілер 2 сағатқа жуық қызыл жалынмен арпалысып, түнгі екілер шамамсында толық ауыздықтады. Қойманың үштен бір бөлігі өртеніп кетті. Абырой болғанда, зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.