Ақсуда адамды соққыға жыққандар бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Алматыдағы ірі сауда орталықтарының бірінде тұрғындар арасында төбелес болды. Балалар ойыны алаңында басталған кикілжіңнің неден туындағаны нақты белгісіз. Оны қазір полицейлер анықтап жатыр. Тәртіп сақшылары «қасақана денсаулыққа жеңіл зақым келтіру» бабы бойынша іс қозғаған.

Қостанай тұрғыны заңсыз спирт сатумен айналысқаны мәлім болды. Оның гаражында пластикалық ыдыстар мен 635 литр ішімдік табылған. Тәртіп сақшылары 50 жастағы азаматтан құжат талап еткенде, рұқсат қағазы болмай шықты. Қазір бұл оқиға бойынша хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды.

Маңғыстау облысында темір тордың ар жағына заңсыз ұялы телефон өткізу әрекеті әшкере болды. Байланыс құралын арнайы орамаға жасырып лақтырмақ болған азаматты жедел бөлімнің қызметкерлері дер кезінде ұстады. Қазір бұл оқиғаға байланысты әкімшілік іс қозғалып, хаттама толтырылған. Түпкілікті жазаны сот тағайындайды.

Көшедегі ер азаматты соққыға жығып, бұзақылық жасаған ақсулық жігіттерге қатысты полиция іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Бұл әрекеттері үшін олар 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын бала-шағасымен келе жатқан тұрғынды екі адам жабылып соққыға жыққан еді. Зардап шегушінің әйелі де олардан шамасы жеткенше қорғанып баққан. 

Шығыс Қазақстан облысында өткен тәулікте 6 өрт оқиғасы тіркеліп, құтқарушылар 2 газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып үлгерген. Қызыл жалын жер үйлердің бірін, гаражды, аялдамадағы сауда нүктесін отқа орап жұртты әбігерге түсірді. Мұнан басқа көлік пен монша да өртенді. Абырой болғанда, адамдар дін аман.

Сондай-ақ...