Балқаштағы жанып жатқан коллектордан ер адамның денесі табылды

Балқаш қаласының өрт сөндірушілері жалынмен күресу барысында жылу коллекторынан ер адамның мәйітін тапты.

Қазіргі таңда мамандар өлімнің себебін анықтап жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Таңертең Балқаш қаласының Ағыбай батыр көшесіндегі №17 үйдің тұрғындары жақын маңдағы жылу трассасынан түтін шығып жатқанын байқап, өрт сөндірушілерді шақырған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер коллектордан ер адамның денесін тапты.

«1 наурыз күні сағат 07:35-те Балқаш қаласының Ағыбай батыр көшесі №17 үйдің жанында жылу трассасының коллекторында 8 ш.м. алаңда қоқыс жанып кетті, өрт 07:52-де жойылды. Оқиға орнында ер адамның жанып кеткен денесі табылды. Өлімнің мән-жайы анықталуда. СМЭ тағайындалды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.