Солтүстік Қазақстан облысында өрттен 5 жасар бала көз жұмды

Солтүстік Қазақстан облысында өрт 5 жасар баланың өмірін қиды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы жағдай Новороссийское ауылында болған. Елді мекен аудан орталығынан 50 шақырым жерде орналасқан. Төтенше жағдайлар қызметкерлері жетем дегенше үй өртеніп кеткен. Жергілікті тұрғындар тілсіз жауды өздері сөндіріп, іштен ер баланың жанып кеткен денесін ғана шығарды. Қазір тиісті сараптама жүргізіліп жатыр. Жалпы жыл басынан бері өңірде 138 өрт болып, 21 адам көз жұмған.

Дмитрий Растихин, ТЖД басқармасының бастығы:

- Бала үйде жалғыз болған. Ата-анасы жергілікті серіктестікте жұмыс істейді. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр. Болжам бойынша ас үйдегі пештен шыққан.

Сондай-ақ...