433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында жол апатынан жеті адам қаза тапты

  • 394
  • UPD: 19:41, 02.03.2021
Қостанай облысында жол апатынан жеті адам қаза тапты

Қостанай облысында жол апатынан жеті адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы оқиға Қостанай – Әулиекөл тас жолының 69-шақырымында болған. Новонежин және Лаврентьев ауылы арасында екі жол талғамайтын көлік бетпе-бет соқтығысқан. Lexus маркілі көлікте үш ер адам, Mitsubishi ішінде бір ер кісі мен үш әйел болған. Қазір апат орнында жедел іздестіру тобы жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы