Кеше Екібастұзда жолаушылар вагонынан өрт шықты.
«2 наурыз сағат 13:04-те №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктінің пультіне Екібастұз қаласы Астана көшесі 23Б мекенжайы бойынша вагонның жанғаны туралы хабарлама түсті, оқиға орнына 2-МӨСБ және 6-ӨСБ күштері мен құралдары жіберілді. «Екібастұз мотор-вагон депосы» ЖШС ашық аумағындағы теміржолда жалпы ауданы 73 ш.м. металлдан жасалған жолаушылар вагонының жанғыш құрылымдары толығымен жанып кеткені анықталды», - деп хабарлады Павлодар ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт сөндіруге 2-МӨСБ және 6-ӨСБ жеке құрамынан 10 адам, 3 бірлік техника жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.