Алматы облысында мас жүргізуші төрт оқушыны қағып кетті

Алматы облысында мас жүргізуші жол жиегінде тұрған төрт оқушыны көлігімен қағып кетті, деп хабарлады zakon.kz.

«2 наурыз сағат 18:40-та «УАЗ» автокөлігінің жүргізушісі, Еңбекшіқазақ ауданы Қорам ауылының 54 жастағы тұрғыны мас күйде (орташа дәреже) көлігімен жолдың шетінде тұрған екі 8 жасар және екі 9 жасар оқушы қызды қағып кетті», - деп хабарлады полиция.

Салдарынан жарақат алған үш бала түрлі дене жарақаттарымен Шелек аудандық ауруханасына жатқызылды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.