429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда тұрғын үйдің кіреберісінен тастанды сәби табылды

  • 274
  • UPD: 15:27, 03.03.2021
Қарағандыда тұрғын үйдің кіреберісінен тастанды сәби табылды

Қарағанды ​​облысының ПД хабарлауынша, 3 наурызға қараған түні Октябрь полиция бөліміне 15 шағын ауданындағы үйлердің бірінің кіреберісінде есік алдына белгісіз біреу екі айлық сәбиді тастап кеткені туралы хабарлама түскен.

Нәресте көрпеге оралған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Баланың денсаулығы жақсы екендігі және медициналық мекемеге жеткізілгені айтылған, деп хабарлады ekaraganda.kz.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 119-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері нәрестенің анасын іздеуде.

Хабар 24 телеарнасы