Елорданың орталығында көлік өртенді

Нұр-Сұлтан қаласындағы Мәңгілік Ел даңғылында көлік өртенді, деп хабарлады Tengrinews.kz қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап.

«Құрамында бес қызметкері мен бір техникасы бар өрт сөндіру тобы сағат 15:50-де Есіл ауданы Мәңгілік Ел даңғылы 18 мекенжайы бойынша шақыртуға шықты. Mazda маркалы көлігі тұрақта жанып жатқаны анықталды», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.

Құтқарушылардың мәліметінше, өрт 16:03-те жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.