Оралда көпірдің астынан жас жігіттің мәйіті табылды

Оралда көпірдің астынан жас жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, азиат пішіндес жігіттің мәйіті бүгін сағат 07:01-де қалаға қарасты Деркөл кентіндегі көпірдің астынан табылған. Жасы шамамен 17-де.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, қазіргі кезде жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

«Марқұмның кім екендігі анықталғаннан кейін ақпарат береміз», - деді департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ...