Алматы облысында 30 млн теңгенің жылқысын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

Алматы облысында жайылымнан жалпы құны 30 миллион теңгені құрайтын 62 жылқы ұрланған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мал ұрлады деген күдікпен 4 адам ұсталды. Олардың екеуі бұрын сотталған екен. Қазір 35 бас мал заңды иелеріне қайтарылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.