430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде қатыгез тәрбиеші жұмыстан қуылды

  • 271
  • UPD: 20:32, 04.03.2021
Өскеменде қатыгез тәрбиеші жұмыстан қуылды

Өскемендегі «Арман» балабақшасында бүлдіршінге қатыгездік көрсеткен тәрбиеші жұмыстан қуылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлеуметтік желіге тәрбиешінің баланы жұлқып, еденге лақтырған бейнежазбасы тараған. Қазір осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеру басталып, арнайы сараптама тағайындалды. Келеңсіз жағдайды білген бойда ата-аналар осы балабақшадан балаларын әкете бастады. Облыстық білім басқармасының мамандары ата-аналармен кеңес өткізіп жатыр. Мектепке дейінгі мекемеге тәжірибелі психологтар тартылды. Балаға қатыгездік көрсеткен тәрбиеші балабақшада 3 жылдан бері жұмыс істеген.

Сәуле Алакөзова, қалалық білім бөлімі басшысының мінтетін атқарушы:

– Баланың ата-анасының айтуы бойынша, бала балабақшаға барғысы келмеген. Сол себепті баланың анасы балабақша әкімшілігіне келіп арызданған және бейнекамераларды қарағанда осы фактілер анықталды. Әрине, ол тәрбиеші жұмыстан шығарылды және осы балабақша директоры да жұмыстан шығарылды.

Хабар 24 телеарнасы