Елордада дәмханадан өрт шықты

Елордадағы дәмханалардың бірінен өрт шықты. Тілсіз жаумен күресуге өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамынан 13 адам және 3 техника жұмылдырылған.

Белгілі болғандай, қоғамдық тамақтану орнындағы ас бөлмесін қызыл жалын шарпыған. Өрт талтүсте сөндірілді. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.