432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда 31 жастағы ер адам алтыншы тәулік іздестіріліп жатыр

  • 258
  • UPD: 15:23, 07.03.2021
Алматыда 31 жастағы ер адам алтыншы тәулік іздестіріліп жатыр фото: almaty.tv

Алматыда 31 жастағы Бейбіт Никатов алтыншы тәулік іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«1 наурызда ол үйінен жұмысына кеткен. Содан бері оны ешкім көрмеген. Телефоны сөндірулі», - дейді бауыры Абзал Арықбаев.

Бейбіт Никатовтың туыстары оның жоғалу дерегі бойынша полицияға хабар берді.

«Бұған дейін ешқандай да себеп дейтіндей оқиға болған жоқ. Ол отбасына жақын адам, әйелі мен балалары күтіп жатыр. Ішпейді, шекпейді. Жеке компанияда менеджер болып жұмыс істейді. Ойда жоқта жоғалды», - дейді бауыры.

Хабар 24 телеарнасы