427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысының Бадам өзенінде балықтар қырылып жатыр

  • 190
  • UPD: 15:14, 09.03.2021

Күні кеше Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының цемент зауыты ауданында инспекция қызметкерлері 20 келі маринка балығын жинады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көкбасы балықтарының шығын көлемі бұдан да көп болуы мүмкін. Қырылудың нақты себебі сараптамалық зерттеулерден кейін белгілі болады.

Айта кеткен жөн, Бадам өзені Түркістан облысының Төлеби, Сайрам, Ордабасы аудандары мен Шымкент қаласының аумағы арқылы өтеді. Ұзындығы – 141 шақырым.

Серік Сарбасов, қалалық экология департаментінің бөлім басшысы:

– Бадам өзені мен Сайрам су өзенінің құятын жерінде орын алған балық өлімін зерделеу барысында Бадам өзенінің жоғары жағын қарадық, ол жақта балық жоқ. Сайрам су өзенінің де жоғары жақтарын қарадық. Ол жақта да балық өлекселері анықталмады. Сынама алынды. Балық өлекселері жатқан төменгі жағынан сынамалар алдық. Су сынамасы алынып, зертханаға тапсырылды. Осы аптаның аяғына дейін анализдері дайын болады.

Хабар 24 телеарнасы