432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда су құбыры жарылды

  • 165
  • UPD: 14:09, 09.03.2021

Апат кеше кешкісін қала шетіндегі Борки кентінде болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Cалдарынан мектеп, колледж, жатақхана, олимпиада резервін даярлау орталығы мен тұрғын үйлер тіршілік көзінен ажыратылды. Осыған байланысты ауданда су тасымалы ұйымдастырылды. Бүгін таңертең коммуналдық қызмет мамандары жерді қазып, жөндеу жұмыстарына кірісіп кетті. Мамандардың айтуынша, ақау кешке дейін қалпына келтіріліп, су беріледі.

Василий Стиславский, су желісі учаскесінің бастығы:

– Бұл жерде байланыс сымдары жатыр. Сондықтан жөндеу жұмыстарына бірден кірісе алмадық. 200 миллиметрлік ескі шойын құбыры жарылған. Қалғанын қазғаннан кейін көреміз.

Хабар 24 телеарнасы