Астанада құны 3 млн теңгеге бағаланған есірткі тәркіленді

Елордалық тәртіп сақшылары құны 3 миллион теңге тұратын есірткі заттарын тәркіледі. Оны жасы қырыққа келген ерлі-зайыптылар саудалағаны анықталды.

Іздеу барысында әйел адамның іш киімінен 300 грамм героин табылды. Заңсыз әрекетке барғандардың танысы да ұсталды. Мұнан тағы 60 грамм есірткі тәркіленді. Табылған заттардың жалпы көлемі 1 жарым мың дозаны құрады. Бұл азаматтар уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ...