Алматыда жүк көлігі қаққан әйел оқиға орнында көз жұмды

Алматыда жүк көлігі қаққан әйел оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша жол апаты 8 наурызда сағат 15:10 Саин және Шаляпин көшелерінің қиылысында болған.

«1989 жылы туған жүргізуші КамАз жүк көлігімен Шаляпин көшесімен шығысқа бағыт алған. Саин көшесіндегі 24-ші үйге қарама-қарсы жерде 55-60 жас шамасындағы әйелді қағып кетті. Жол оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды», - деді мамандар.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабымен (жол ережесін бұзу, абайсызда адам өлімін болыру) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалған.

Сондай-ақ...