430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында балабақшалардан былық анықталды

  • 202
  • UPD: 19:44, 09.03.2021
Қарағанды облысында балабақшалардан былық анықталды

Қарағанды облыстық білім басқармасы қарамағындағы 24 мекемеге ішкі тексеріс жүргізіп, жетеуінде жемқорлық әрекетті әшкереледі.

Мәселен, «Балауса» балабақшасының басшылары туған-туыстарын жасырын жұмысқа қабылдап, айлығын өз қалталарына басып отырған. Сондай-ақ балалардың тамағы үшін ата-аналардан артық ақша жинап келген.

Айталық, әр отбасы айына 14 мың теңге төлеп келсе, есеп-қисапта азық-түлікке жұмсалған қаражат мөлшері 11739 теңге деп көрсетілген. Ал «Аяла» бөбекжайының әкімшілігі ата-аналармен жасалатын келісім-шартқа демеушілік көмек туралы тармақты өздері қосып алған.

Бақтыгүл Әдекенова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Үш ауданның 24 ұйымын тексердік. Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылданды. Кінәлі адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ақша қаражаты бойынша заңсыз операциялар анықталған жағдайда материалдар тиісті органдарға жіберіледі.

Хабар 24 телеарнасы