Қостанай облысында жол апатынан әйел адам көз жұмды

9 наурыз күні сағат 21:35-те Қостанай-Әулиекөл-Сұрған тасжолының 37 шақырымында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысты.

Салдарынан Hyundai көлігінің 37 жастағы жүргізушісі, Қостанай қаласының 37 жастағы тұрғыны көз жұмды, деп жазады alau.kz.

Жүк көлігінің 32 жастағы жүргізушісі зардап шекпеген.

Болжам бойынша әйел адам көлікті басқара алмай қалып, қарсы бағытқа шығып кеткен.