Ақтөбеде жолаушылар автобусының қатысуымен жол апаты болды

Бүгін, 10 наурызда Ақтөбе қаласында 312 атқыштар дивизиясы мен К.Нокин даңғылының қиылысында маршруттық автобустың қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлады Polisia.kz.

«JAC» автобусының жүргізушісі (жолаушыларсыз) реттелетін қиылыстан өту ережелерін бұзып (бағдаршамның қызыл сигналына өтіп), «Toyota Fortuner» маркалы автокөлікпен соқтығысты. «Toyota Fortuner» автокөлігі бағытын өзгертіп, «Ваз-21074» маркалы автокөлікпен соқтығысты.

Жол апаты салдарынан «Toyota Fortuner» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы және дене жарақаттары бар автобустың жүргізушісі Ақтөбе қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына жіберілді.