Нұр-Сұлтанда министрлік ғимаратының қаптамасы түсіп қалды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі орналасқан Нұр-Сұлтандағы «Транспорт тауэр» ғимаратының қаптамасы түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Иә, қатты желдің салдарынан бірнешеуі құлады. Ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта тиісті жұмыстарды жүргізбейміз, өйткені адамдардың өміріне қауіп төндіре алмаймыз, бірақ ауа райы жақсарғанда оны түзетеміз», - деп түсіндірді ИИДМ баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік Қазақстан астанасындағы 34 қабатты «Транспорт тауэр» ғимараты 2003 жылы салынған. Содан кейін ол ТМД-дағы ең биік ғимарат атанды. Құрылыс биіктігі – 155 метр, жалпы ауданы – 32 мың шаршы метрден асады.

Оның ерекше пішініне байланысты астаналықтар кешенді «оттық» деп атап кеткен. Сондай-ақ, ғимарат екі рет өртенді – 2002 және 2006 жылдары.