Қостанай облысында боранда дәрігерлер жете алмаған науқас қайтыс болды 

Қостанай облысындағы Рыспай ауылының тұрғыны жедел жәрдем жеткенше қайтыс болды.

Дәрігерлердің көлігі омбы қардан жүре алмай, елді мекенге барар тас жолда тоқтап қалған. 30 жастағы әйелді құтқарушылар жол талғамайтын көлікпен жедел жәрдем бригадасына тапсырған. Бірақ келіншек облыстық ауруханаға жетпестен сол жерде көз жұмды. Марқұмға инсульт және коронавирус диагнозы қойылған. Ауылға дейінгі тоғыз шақырымды қардан тазарту аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің міндеті дейді округ әкімі.

Нұрғиса Исмағамбетов, Заречный ауылдық округінің әкімі:

– Түнде тазалаған. Таңертең қатты боран болғанда жабылып қалған. Ал жол көрінбейді. Дәрігерлердің айтуы бойынша, науқастың өкпесі 60-70 пайыз қабынған. Сосын тағы басқа диагноздармен ауырған.