ЖЭО-2-дегі апаттан зардап шеккен жұмысшының денесін 95% күйік шалған

Теміртау қаласындағы екінші жылу электр орталығында болған апат салдарынан 2 жұмысшы жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Механикалық цехтегі дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде бояу құйылған қазан өртеніп кеткен. Қазір зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Оның біреуінің жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 50 жастағы шебердің денесінің 95%-ін күйік шалған.

Айзада Жұмабекова, Еңбек инспекциясы басқармасының баспасөз хатшысы:

- Еңбек инспекциясы нормасына сәйкес арнайы комиссия құрылады. Оған дейін топтық жазатайым оқиғаның неден болғаны анықталатын болады.