Президенттің тапсырмасы бойынша Алматыдағы әуе апатының себептерін анықтау жұмыстары басталды
- 400
- UPD: 20:07, 13.03.2021

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында болған әскери ұшақ апатының себептерін анықтауды тапсырды.
«Алматы әуежайында апатқа ұшыраған ұшақта қаза болған әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Менің тапсырмам бойынша әуе апатының себептерін анықтау жұмыстары басталды. Мұндай оқыс оқиғалар қайталанбауы керек», – деп жазды ҚР Президенті.