423,81 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ұшақ апатынан тірі қалғандардың жағдайы белгілі болды

  • 341
  • UPD: 23:25, 13.03.2021

Әскери ұшақ апатынан аман қалған екі адам Алматыдағы нөмірі төртінші қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.

Қазір олардың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Қаланың ең тәжірибелі дәрігерлері ауруханаға келіп, апаттан зардап шеккен азаматтарға ем-дом жасап жатыр. Екеуіне бас ми жарақаты диагонозы қойылған.

Руслан Токушев,  №4 қалалық клиникалық аурухананың травматолог дәрігері:

- Ұшақ апатынан екі адам түсті. Екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары ауыр. Диагноздары - бас ми жарақаттары. Термиялық күйік - 50 процент, 30 процент. Бір науқаста ашық сирақ сүйектерінің сынуы. Кеуде жарақаты, пневмоторокс. Екінші науқастың диагнозы - бас ми жарақаты. Термиялық күйік - 30 пайыз. Төртінші саусақтың сынуы. Және кеуде қуысының жарақаты.

 

Хабар 24 телеарнасы