ШҚО-да 113 адам омбы қардан құтқарылды

Шығыс Қазақстанда соңғы екі күнде құтқарушылар жолда қалған 113 адамды құтқарды, құтқарылғандар арасында 9 бала бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша облыста түні бойы құтқару операциясы жүргізілді. Мамандар арнайы техника көмегімен 45 автокөлікті қар құрсауынан шығарды. Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖД тарапынан жалпы 46 қызметкер мен 14 бірлік техника жұмылдырылды. Айта кету керек, бұл жолаушылардың барлығы боранға байланысты жабылған Тарбағатай, Көкпекті, Алтай, Қатонқарағай аудандарына апаратын тас жолдардың бойында қалып қойған. Қазір өңірде облыстық маңызы бар Алтай-Чапаево тас жолы көліктің барлық түрі үшін жабылды.

Сондай-ақ...