Павлодарда кран құлап, 30-ға жуық тұрғын үй жарықсыз қалды

Павлодарда құрылыс алаңында көтергіш кран құлады. Кранның Lada Priora көлігіне түскені белгілі болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға кеше облыс орталығында болған.

«Павлодарда Естай көшесі мен Больничный тұйық көшесінің қиылысында жеке ұйым құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында шынжыр табанды кран электр беру желісіне аударылды, салдарынан 30-ға жуық жеке тұрғын үй электр желісінен ажыратылды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын «Қалалық электр желілері кәсіпорны» ЖШС жүргізді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.