431,93 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыдағы ұшақ апаты: «қара жәшігі» деректер анықталуда

  • 145
  • UPD: 19:28, 14.03.2021
Алматыдағы ұшақ апаты: «қара жәшігі» деректер анықталуда

Алматы маңында апатқа ұшыраған әскери ұшақтың «қара жәшігі» табылып, борттық жазу құралында сақталған мәліметтер тексеріліп жатыр.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Апатқа байланысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қорғаныс және Ішкі істер министірлігінің өкілдерінен арнайы комиссия құрылған болатын. Сондай-ақ марқұмдардың туған-туыстарына медициналық және психологиялық көмек көрсету үшін комитет госпиталінің мамандары жұмылды. Апат кезінде қаза тапқан Евгений Васильковтың туыстары арнайы бортпен Петропавлдан Алматыға жеткізілді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті марқұмдардың отбасына материалдық көмек көрсетіп, жерлеу рәсімін өткізуге жәрдем беріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы