Сәтбаев қаласында біреулер бес итті атып кетті

Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында белгісіз біреулер түн жарымда хайуанаттарды қорғау орталығындағы 5 бірдей итті атып кеткен.

Таңертең олардың қансыраған өлексесін тұрғындар тауып алды. Қаңғыбас иттерді асырауға арналған бұл орынды саяжай ішінен жергілікті волонтерлер ашқан. Мұнда иесіз 28 ит мекендейді. Тәртіп сақшылары үй жануарларын тегіс ұңғылы мылтықтан атқанын айтады.

Бақытжан Құдияров, облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

- Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс жасап жатыр. Полиция қызметкерлерімен иесіз иттерді асыраумен айналысатын еріктілер анықталды. Олардың айтуынша, 15 наурыз күні белгісіз біреулер әртүрлі тұқымды бес итті атып кеткен. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 316-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.