СҚО-да белгісіз аң үй жануарларын қырып кетті

Бұл туралы бейнежазба әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда Казанка ауылының тұрғыны қорасындағы қояндар мен тауықтардың өлекселерін түсіріп жатыр. Әйелдің айтуынша, бұл түлкілердің шабуылы болуы мүмкін. Оны мамандар да жоққа шығармайды. Биыл қардың қалыңдығынан жыртқыш аңдардың азық табуы қиындап кеткен. Жалпы, облыс бойынша өткен жылдың қараша айынан ақпанның ортасына дейін 3 мыңға жуық түлкіні атуға рұқсат беріген.

Олег Беспалов, СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:

– Ауылдарда түлкіден бөлек, басқа да аңдар кездеседі. Ол қарсақ болуы мүмкін. Қазір күн жылыған соң жабайы иттер шығады. Ақ тышқан, сарыкүзен, сасықкүзендер де бар.