Түркістанда 5 адамның газдан уланып қайтыс болуына кінәлі деген күдікті ұсталды

Күдікті қаладағы газ орнату фирмаларының бірінде директор қызметін атқарады. Тиянақты жүргізілген тергеу жұмыстарының қорытындысы ұсталған азаматтың осы іске қатысы бар екенін дәлелдеген.

Полиция қызметкерлері күдіктілер санының әлі де артуы мүмкін екенін айтады. Сондықтан тергеу амалдарының жалғасатынын хабарлайды. Айта кетейік, қайғылы жағдай 27 ақпан күні Түркістандағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған. Онда газдан уланып, бір отбасының 5 мүшесі көз жұмған еді. Жекеменшік үйден 41 жастағы анасы мен төрт перзентінің мәйіті табылған.

Салтанат Қаракөзова, облыстық ПД Баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚК-нің 306-бабы «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету» бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.