БҚО-да мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Батыс Қазақстан облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ұсталған үш күдікті Батыс Қазақстан мен көршілес Атырау облысының аумағында жайылып жүрген малдарды атып, етін алып кетіп отырған. Қарауылға іліккен малдардың дені Қамбар ата түлігі.

Қылмыс болған жерлерден малдың басы мен ішек-қарыны ғана табылыпты. Ал полицияға арызданған Атырау облысының тұрғындары кейін өз малдарын таныған. Қылмыстық топты ұстауға Қаратөбе ауданы мен Тайпақ полиция бөлімдері атсалысты. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде соңғы 2 жылда мал ұрлығы едәуір төмендеген. Мәселен, былтыр 27 қылмыстық топ пен 178 мал ұрлаушы анықталып, олардың қылмыстық әрекеті әшкереленді. Ал биыл жыл басынан бері облыс аумағында 38 мал ұрлығы тіркеліп, оның 21-і ашылды. 

Ерлан  Арыстанов, облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасының басшысы:

-  Олар қазіргі таңда қамауға алынып тағы да ашылмаған мал ұрлығы фактілеріне тесерілуде. Қазіргі кезде мал ұрлығы бойынша 188-баппен 188 де бір бабымен іс қозғалуда. Олардың жасаған қылмыстары әшкереленіп, көршілес Атырау облысында жасаған және біздің БҚО жасаған қылмыстары тексерілуде.