ШҚО-да 82 оқушы астан уланып қалды

Шығыс Қазақстанда 82 оқушы денсаулығы нашарлап, дәрігерге хабарласқан. Олардың 36-сы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдын ала болжам бойынша негізгі себеп жаппай астан улану болуы мүмкін. Балалар өңірдің Ұлан ауданы Бозанбай ауылдық мектебінде оқиды. Барлығы сол мектеп асханасында тамақтанған. Қазір санитар-эпидемолог мамандар тамақтану орнына тексеріс жүргізіп жатыр. Оқиға орнында дәрігерлер, эпидемологтар және білім басқармасының өкілдерінен құралған ведомствоаралық комиссия жұмыс істеуде. 18 наурызда мектеп карантинге жабылып, ондағы қалған оқушылар қашықтан білім алуға көшті. Ал Ана мен бала орталығына түскен оқушылардың дене қызуы көтеріліп, құсу, іш өту белгілері байқалған.