433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да жәбірленушілерге 7 млн теңге көлемінде залал келтірген ұры ұсталды

  • 231
  • UPD: 16:03, 19.03.2021
БҚО-да жәбірленушілерге 7 млн теңге көлемінде залал келтірген ұры ұсталды

Батыс Қазақстан облысында жәбірленушілерге 7 миллион теңге көлемінде залал келтірген ұры ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін ала кетуді әдетке айналдырған баукеспенің ұзын саны 37 қылмысқа қатысы болуы мүмкін. 31 жастағы күдікті жеке үйлер мен құрылысы жүріп жатқан ғимараттарды жиі төңіректеген. Олжалаған дүниелерін базарға апарып сату арқылы пайда тауыпты.

Мөлдір Садырғалиева, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекші маманы:

- Бұл азаматтың түнгі уақытта құрылыс алаңдарынан құрылыс материалдарын, кейбір үйлерден алтын әшекейлерді ұрлағаны анықталып отыр. Қазіргі таңда азамат уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.

Хабар 24 телеарнасы