Шымкентте оқушылар белгісіз газдан уланды

Қаланың денсаулық сауқтау басқармасы бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Таксикология бөлімшесіне орташа ауыр жағдайда үш оқушы түскен. Балалалар сабақта отырған кезде өткір иіс сезген. Кейін басы айналып, жүрегі айнығанын айтып шағымданған. Дәрігерлер қазір оқушылардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дейді. Олар үйлеріне жіберілді. Енді балалардың жағдайын емхана дәрігерлері бақылайды. Бұдан бөлек, тағы 13 адам өзін жайсыз сезінген. Ол педагогтар мен Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері. Осы оқиғадан кейін өткір иіс кәріз құбырларынан шыққаны белгілі болды. Экология департаментінің өкілдері коллектордың жанында бензолдың мөлшері қалыпты нормадан 12,5 процентке өскенін хабарлады. Қазіргі уақытта мамандар улы сұйықтықтың қайдан шыққанын анықтап жатыр.

Бақытжан Позилов, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Кеше 18 наурыз күні Шымкент қаласында орналасқан №37 мектептің аймағында бізге 9:45-те шақырту түсті. Шақыртуға келген кезде мектептің оқушыларында улану белгілері болды. Үш оқушы бізге таксикология бөлімшесіне түсті. Жағдайлары орташа. Ауруханаға жетпей жатып, оларға медициналық көмек көрсетілді. Ауруханаға жеткеннен кейін оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, бәрі жақсы болғаннан кейін үйлеріне қайтты. Қазіргі таңда ол оқушылардың бәрі емхананың бақылауында тұр. Бүгін дәрігерлер олармен хабарласты. Жағдайлары өте жақсы.