ШҚО-да қатты жел құс фабрикасының төбесін ұшырды

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында қатты жел құс фабрикасы асханасының шатырын ұшырып әкетті.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 наурыз күні Глубокое ауданында секундына 16 метр жылдамдықпен жел соғып, Предгорное ауылында орналасқан құс фабрикасы асханасының шатырын ұшырып жіберген.

«Ғимараттың жалпы ауданы 680 шаршы метр. Зардап шеккен ешкім жоқ. Оқиға орнында комиссия мүшелері жұмыс істеуде», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, осыған дейін ТЖД мамандары өңір жұртшылығына дауылды ескерту жасаған болатын.