Жезқазғанда жол апатынан бес адам қаза тапты

Жезқазған-Сәтбаев трассасында жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

22 наурыз күні сағат 00:30-да Жезқазған-Сәтбаев автожолында «ВАЗ» автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, жолды бөліп тұрған қоршаудың кронштейніне соғылған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.