Нұр-Сұлтан - Қарағанды жолында көліктер қар құрсауында қалды

Нұр-Сұлтан - Қарағанды автожолының 70-шақырымында жеңіл көлік пен ГАЗель соқтығысты.

Салдарынан бір адам зардап шеккен. Осыған байланысты көлік кептелісі қалыптасып, бірқатар жолаушы жолда қалды. Жүргізушілер 3 сағат бойы өз күшімен ашық жерге шығуға тырысып жатыр. Алайда бұл мәселе құтқарушылардың көмегінсіз шешілмейтін тәрізді. Жолда қалғандардың қатарында елорда тұрғындары да бар.