Елордада 75 жол апаты тіркелді

Ауа райының қолайсыздығынан елорда көшелерінде 75 жол апаты тіркелді.

Қарлы бұрқасын қаладағы қозғалысты едәуір қиындатты. Құтқарушылар қар құрсауында қалған ондаған көлікті шығарды. Зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы полиция департаменті хабарлады. Бүгін тағы 11 облыста дауылды ескерту жарияланды. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар өңірлерінде бұрқасын соғып, көктайғақ болып, тұман түсуі ықтимал. Бұл қатарда Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Батыс Қазақстан аймақтары да бар. Ал мамандар Қызылорда және Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз шаңды дауыл соғатынын айтып отыр.