Қапшағай-Бақанас жолында апаттан төрт адам қаза тапты

«Қапшағай-Бақанас» тас жолында көлік апатынан 4 адам көз жұмды. Оқиға бүгін сағат 14:15-те болды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі аталған қайғылы оқиғаны растады.

Болжам бойынша «Toyota Land Crusier» көлігінің 58 жастағы жүргізуші шығысқа қарай жүріп келе жатып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан «Toyota Mark 2» көлігіне соғылды. Оқиға орнында «Toyota Mark 2» көлігінің үш жолаушысы және «Toyota Land Crusier»-дің жүргізушісі мерт болды. Бірінші көліктің жүргізушісі мен «Toyota Land Crusier» жолаушысы Қапшағай қалалық ауруханасына жеткізілді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.