430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда жол апатынан алты жасар қыз зардап шекті

  • 124
  • UPD: 11:48, 25.03.2021
Қостанайда жол апатынан алты жасар қыз зардап шекті

24 наурызда сағат 12:48-де Қостанайдағы Қайырбеков – Лермонтов көшелерінің қиылысында «Мерседес» маркалы №25 автобус пен «Ваз 2110» автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Бұл туралы alau.kz Қостанай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Апат салдарынан «Ваз 2110» көлігінің жолаушысы 6 жасар қыз облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

«Ваз 2110» автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісіне амбулаториялық ем тағайындалды. 60 жастағы автобус жүргізушісі зардап шеккен жоқ. Патруль келгенде автобуста жолаушылар болмаған.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдын ала мәліметтер бойынша автобус жүргізушісі бағдаршамның рұқсат етілмеген сигналына жүрген.

Хабар 24 телеарнасы