Алматы облысында бөтен үйдің қоршауына кіріп кеткен көлік аударылды

Алматы облысында жеңіл көлік өзгенің қоршауына басып кіріп, аударылды.

Оқиға Еңбекшіқазақ ауданының Қорам ауылында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Оқиға 24 наурыз күні болды. Ақпарат бойынша жеңіл көлікті жүргізген адам ішімдік ішпеген. Ол көлікті жүргізіп келе жатқанда мотоцикл шыққан, оған соғылмас үшін өзгенің ауласына басып кіріп, осындай жағдай болған.

Зардап шеккен ешкім жоқ. Көлік жүргізуші жеңіл жарақат алған және ол үйдің қоршауына келген шығынды өзі өтейтін болды.

«Үстінен құзырлы органға шағым түспеді», - деді Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің өкілі Динара Төлемісова.