432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасынан төрт адам мерт болды

  • 164
  • UPD: 16:24, 25.03.2021
Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасынан төрт адам мерт болды

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасынан төрт адам көз жұмды, деп хабарлады Polisia.kz.

24 наурызда Қандыағаш – Ембі – Шалқар автожолында жол-көлік оқиғасы болып, адамдар қаза тапты. 40 жастағы «Лада-Приора» автокөлігінің жүргізушісі Ембі қаласы жағынан Қандыағаш қаласы бағытында Қандыағаш – Ембі – Шалқар автожолымен 61 шақырым қашықтығында Ізімбет кентінің маңында басып оза отырып, шығатын қозғалыс жолағы басып озу үшін жеткілікті қауіпсіз және осы жолмен қарсы келе жатқан көлік құралдарына кедергі келтірмейтініне көз жеткізбей, басқа «Лада-Приора» автокөлігімен соқтығысуына жол берген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен 32 жастағы әйел, 14 жастағы бала оқиға орнында көз жұмды, ал 3 жасар қыз Ембі қаласының орталық ауруханасына жатқызылды.

Сонымен қатар басқа көліктің жүргізушісі мен алты жолаушысы Ембі қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды, онда 51 жастағы жолаушы есін жимастан қайтыс болды. ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы