423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ақтауда ер адамды көлік қағып кетті

  • 252
  • UPD: 11:05, 26.03.2021
Ақтауда ер адамды көлік қағып кетті

Ақтауда 25 наурызда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті.

Зардап шеккен ер адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Бұл туралы lada.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға 25 наурызда шамамен сағат 22:10-да болған.

«Lada granta көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен тыс жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен болып шықты. Зардап шеккен адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы