Алматы облысындағы тасжолда жүк көлігі өртеніп кетті

Алматы облысындағы тасжолда ГАЗ-53 жүк көлігі өртеніп кетті.

Оқиға видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға Алматы-Қарағанды тасжолында Қошмамбет ауылына жақын жерде болған.

Видео кадрында жол бойында көліктің өртеніп жатқаны көрсетілген.

Төтенше жағдайлар бойынша департамент өкілдері сағат 14:03-те хабар түскенін айтты.

«ГАЗ-53 жүк көлігі шөппен бірге өртеніп кеткен. Өрт жарты сағаттың ішінде сөндірілді», – деді құтқарушылар.