424,92 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр жолындағы апаттан жеті адам зардап шеккен

  • 370
  • UPD: 13:18, 27.03.2021
Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр жолындағы апаттан жеті адам зардап шеккен

Ақмола облысының Целиноград ауданы аумағында жол-көлік оқиғасы болып, 7 адам зардап шекті. Оның екеуі – бала, деп хабарлады ҚазАқпарат  облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жол апаты наурыздың 23-інде Нұра ауылынан 10 шақырым жерде, яғни Нұр-Сұлтан - Қабанбай батыр автожолының 48 шақырымында болған. Бұл туралы сол күні сағат 10:05 Целиноград аудандық ПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем фельдшері хабарлап айтқан.

«Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары анықтағандай, Нұр-Сұлтан қаласы бағытында жүріп бара жатқан Қарағанды облысының 36 жастағы тұрғыны «Газель» көлігімен жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, 44 жастағы астаналық басқарған «Lada Largus» көлігімен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушылары (барлығы 7 адам, оның екеуі бала) зардап шегіп, Нұр-Сұлтан қаласының №2 қалалық ауруханасына жеткізілді», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 345 бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы