433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда екі адам құны 44 млн теңгелік есірткімен ұсталды

  • 207
  • UPD: 20:08, 27.03.2021
Талдықорғанда екі адам құны 44 млн теңгелік есірткімен ұсталды

Талдықорғанда есірткі сатумен айналысқан екі азамат ұсталды. Полиция қызметкерлері олардан 16 мың дана синтетикалық қоспа тәркіледі.

Сақшылардың айтуынша, салмағы 1 келіге жуықтайтын есірткінің қара базардағы бағасы 44 миллион теңгеден асады.

Тыйым салынған заттардан бөлек ұсталғандардың пәтерінен синтетикалық заттарды орауға арналған құралдар табылды.

Хабар 24 телеарнасы