Елімізде КВИ белгілері бар пневмониядан бір тәулікте үш адам қайтыс болды

Сoronavirus2020.kz сайты 28 наурыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпаратты жариялады.

«26.03.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 94 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса, 203 адам емделіп шықты», делінген хабарламада.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 50411, 680 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 47428-ге жетті.