Қарағанды облысында шахтадан өрт шықты

Бүгін түс мезгілінде Қарағанды облысындағы Саран шахтасынан өрт шықты.

Техникалық кешендегі галереяның сыртқы құрылғылары өртенген. Қазір өрттің негізгі ошағы сөндірілді. Төтенше жағдай қызметінің өрт сөндірушілері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Техникалық кешен ішінен 4 жұмысшы қауіпсіз жерге шығарылды. Өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.